30.11.2022, 13:00
Оқылды: 17

Скринингті өту маңызды

Скрининг – бұл белгілі бір жастағы сау адамдарды алдын ала медициналық тексеруден өткізу, қауіп факторлары мен ауруларын ерте сатысында анықтау. Оны енгізу емдеудің тиімділігін жақсартады және асқынулардың дамуына жол бермейді. 

200110222120158e

Фото дереккөзі: inform.kz

Скрининг жүргізудің басты мақсаты – қоғамдық денсаулықты сақтау. Скринингтен өту әрбір Қазақстан азаматының міндеті болып табылады. Жұмыс беруші тарап қызметкерлерінің скринингтен өтуі үшін барлық жағдайды жасауға, олардың тексерілуден асықпай өтуі үшін жұмыстан босатуға міндетті. Бұл туралы "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" ҚР Кодексінде айтылған.

"Медицина саласында жаңашалық енгізілуде   еліміздің ауыл тұрғындарына медициналық қызметтердің қолжетімділігін жақсарту мақсатында зерттеу түрлері мен нысаналы топтарды кеңейтуге қатысты өзгерістер енгізілді, яғни жаңа скринингтік байқауды өзкізу .Бұл өзгеріс  ҚР ДСМ-ң 2022жылғы 5 шілдедегі № 65 бұйрығымен бекітілген. Бұл қалалық және ауылдық тұрғындар арасындағы медициналық қызметтердің қолжетімділігі бөлігіндегі бар теңгерімсіздікті кезең-кезеңімен теңестіруге, сақтандырылмаған халықты медициналық көмекпен көбірек қамтуды қамтамасыз етуге, тұтастай алғанда, ауыл тұрғындары арасында аурулардың алдын алуға бейілділік мәдениетін арттыруға мүмкіндік береді. Мысалы, ауыл тұрғындарына профилактикалық тексерулер жүргізу үшін жаңа нысаналы топты айқындау есебінен халықты қамтуды 18 жастан 29 жасқа дейін ұлғайту көзделген. Айта кету керек, бұған дейін жастар 30 жастан 70 жасқа дейін басталған скринингтік зерттеулермен қамтылмаған еді . Жас адамдарға жүргізілген зерттеулер жүрек-қантамыр жүйесінің, қант диабетінің, асқазан мен бүйректің созылмалы ауруларының, онкологиялық аурулардың (простата безінің) ауруларын ерте сатысында анықтауға мүмкіндік береді.

Ауылдық жерлерде профилактикалық тексерулер жүргізу үшін 4 нысаналы топ анықталды:

І топ : "Жастар"  - 18 жастан 29 жасқа дейін

ІІ топ: "Еңбек – 1"  - 30 жастан 44 жасқа дейін

ІІІ топ "Еңбек – 2"  - 45 жастан 65 жасқа дейін

ІV топ :  "Зейнеткер" -  66 жастан асқан.

Ауыл тұрғындарына асқазан-ішек жолдарының, зәр шығару жүйесінің, егде жастағы топтағы туберкулездің және простата обырының ауруларын ерте анықтау қызметтері кеңейтілді.

"Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде" дегендей, 18 жастан 70 жас аралығындағы  барлық Қазақстанның ауыл тұрғындарын жаңа скринингтік тексеруден өтуге шақырамын.

Б.Кубаев,

Теректі ауданының №2-аурухана директоры

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале