20.02.2022, 9:40
Оқылды: 37

Спорт ардагерін еске алу турнир өтті

Сырым ауданы Алғабас ауылдық округінде спорт ардагері, ауыл азаматы Асылбек Қанатовты еске алуға арналған баскетболдан турнир өтті. Турнирді «Қайсар» спорт клубының әдіскері Ғанимат Жұбашев ұйымдастырды.

IMG-20220219-WA0133

Шараның ашылу салтанатына ауыл әкімі Өркен Әменов қатысып, марқұм Асылбек Сәбитұлының азаматтық  қасиеттеріне тоқталып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Сайысқа ауыл спортшыларынан құралған 8 команда қатысып, бақтарын сынады.

IMG-20220219-WA0129

Ойын нәтижесі бойынша, І орынды «1991 жылғы түлектер» құрамасы, ІІ орынды «Алғабас», ІІІ орынды «Достар» командалары қанжығалады.

IMG-20220220-WA0004

Жеңімпаздар бағалы және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

IMG-20220219-WA0131

Еске сала кетсек, Асылбек Сәбитұлының бауырлары мен құрдастары баскетбол турниріне қаржылай демеушілік көрсетті.

Анар Нұрланқызы
Алғабас ауылының тұрғыны,

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале