13.10.2022, 21:59
Оқылды: 60

Спорт клубы қызметкерлері арасында ашық турнир өтті

Шыңғырлау ауданында 25 қазан – Республика күні мерекесіне орай спорт клубы қызметкерлері арасында ашық турнир ұйымдастырылды. Жарыстың ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова спортшыларға қатысушыларға сәттілік тіледі.

ссс

Ақжайық, Бөрлі, Бәйтерек, Тасқала, Сырым және Шыңғырлау аудандарының командалары волейбол, баскетбол, гір спорты, кермеге тартылу, үстел теннисі бойынша өз өнерлерін көрсетіп, бақ сынасты. Екі күнге созылған турнирде спортшылар тартысты ойын көрсетті.

сс

Нәтижесінде жалпыкомандалық есеп бойынша 1-орын - "Шыңғырлау" спорт клубына бұйырса, 2-орынға  Бөрлі ауданының "Ақсай" спортшылары, ал 3-орынға Ақжайық ауданының  "Жігер" спорт клубы ие болды. Жеңімпаздарды аудан әкімі Әлия Биғазықызы құттықтап, сый-сияпаттарын ұсынды.

Аман Сағи,
Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале