5.09.2022, 17:30
Оқылды: 119

Спорт саласының үздігі

Армат Исанов – Бөрлі аудандағы спорт саласында қызмет атқарып келе жатқан мемлекеттік қызметші. Бұл саланы дамыту үшін үлкен ұжымдық жұмыс қажет. Осы ретте ұжым арасындағы ұйымшылдық, ауызбіршілік пен өз ісіңнің нағыз маманы әрі жанкүйері болудың да маңыздылығын атап өткен жөн.

10

Армат Амангелдіұлы 2017 жылдың желтоқсан айынан бастап Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөліміне басшылық етіп келеді.

Осы уақыт ішінде Бөрлі ауданының спорт саласын дамыту бағытында көптеген жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, 2017, 2018 жылдары Бөрлі ауданында екі бірдей дене шынықтыру-сауықтыру кешені бой көтерді. 2019 жылы Ақсай қаласында сегіз спорт алаңы салынып, қолданысқа берілді. Сонымен қатар Бөрлі ауданында олимпиадалық, олимпиадалық емес, ұлттық спорт және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт түрлері қатар дамуда.

11

Ақсай қаласында екі мәрте (2018, 2021 ж.ж.) самбо күресінен жасөспірімдер арасында, 2022 жылы Бөрлі ауылында ересектер арасында асық ату және бес асықтан Қазақстан Республикасының чемпионаттары жоғары деңгейде оздырылды. 2021 жылы ұлттық ат спорт түрлері бойынша «Жайық жүйрігі-2021» ашық облыстық чемпионаты, 2018, 2022 жылдары қазақ күресінен ересектер арасындағы «Қазақстан Барысы» облыстық іріктеу кезеңдері, 2019 жылы спорт түрлері бойынша 10 облыс чемпионаты оздырылды. Аудан тұрғындары және спортшылар үшін шаңғы тебу алаңы да дайындалды. 2020 жылы облыс көлемінде алғаш рет Ақсай қаласында спорт саласына арналған музей кабинеті де ашылды. Аудан құрамасының жетістіктеріне тоқталар болсақ, аудан құрамасы 2019 жылы өткен Ұлттық спорт түрлерінен Батыс Қазақстан облысының V фестивалінде және 2021 жылы «Ақ бидай» ауыл спорты ойындарында жалпыкомандалық есепте І орын, 2022 жылы VII Халық спорты ойындарының облыстық кезеңінде мемлекеттік қызметшілер арасындағы облыстық спартакиадасында Бөрлі ауданының құрама командасы жалпыкомандалық есепте ІІ орынға ие болды.

Аудан спортшыларының жеткен жетістіктері: Темірлан Көлбай ересектер арасында самбодан екі дүркін Азия чемпионы, дзюдодан ересектер арасында Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпазы, Әділбек Сеисов жауынгерлік самбодан Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионатының күміс жүлдегері, Риза Сүлейменова самбодан Азия чемпионы, Гаухар Ирмағамбетова дзюдодан ересектер арасында Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпазы, Мерует Байниязова қол күресінен Азия және Әлем чемпионы, Мәлік Мұқашев паратеквондодан Азия, Еуропа, Әлем чемпионы, Жарман Исмағұл грек-рим күресінен Дүниежүзілік гимназиаданың жүлдегері, Мадина Жақсылықова шаңғы жарысынан Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпазы, Панасович Анастасия еркін және әйелдер күресінен Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпазы, Азия чемпионатының қола, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Замир Хамзин самбодан Азия чемпионатының қола жүлдегері.

Осылайша аудан спортын облыстық, республикалық ареналарда көрсетіп жүрген Армат Амангелдіұлы жақында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығымен "Құрметті спорт қызметкері" төсбелгісімен марапатталды.

12

Ол отбасында үш ұл, бір қыз тәрбиелеп отырған көпбалалы, ардақты әке. Балалары  да әке үмітін ақтап келеді. Тұңғыш ұлы - Дәулет "Назарбаев зияткерлік мектебін" қызыл аттестатпен аяқтап, барлық тиісті сынақтардан жоғары балл жинап, "Будапешт технология және экономика университетіне" оқуға түсті. Басқа балалары Ақсай қаласының №6 мектеп-лицейдің үздік оқушылары. Тек қана ауданымыздың ғана емес, сонымен қатар, еліміздің де спорт және дене шынықтыру саласының дамуы үшін абыройлы қызмет етіп, саланы дамытуға өз септігін тигізіп, аянбай еңбек етіп жүрген әріптесімізге алғысымызды білдіре отырып, мықты денсаулық, отбасына амандық, қызметіне сәттілік және Еліміздің туын биікке көтеретін талантты спортшылардың қатары арта берсін деген тілектеміз!

Е.Төлепқалиев,  

Бөрлі ауданы әкімі аппаратының басшысы,

Әдеп жөніндегі уәкіл

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале