9.02.2024, 15:00
Оқылды: 51

Спорт шеберіне құрмет көрсетілді

Бағы мен бабы келіскен талай тартысты бәсекеде топ жарып, шәкірт тәрбиелеуде алдына жан салмаған спорт ардагерлерінің еңбегі қашанда ерен.

image-09-02-24-11-18

Мектеп оқушылары мен ауыл жастарының жүйелі түрде спортқа ден қойып, аудан спортының дамуына айтарлықтай үлестерін қосқан жандардың бірі, қазақ күресінен спорт шебері Әділбек Алғазиев.

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Исатайқызы  Әділбек Алғазиевті мерейлі жасымен құттықтап, аудан әкімі атынан алғысхат табыстады.

Жұлдыз Асқар,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале