3.09.2021, 15:14
Оқылды: 35

Стратегиялық бағыттарды айқындаған негізгі құжат

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауды еліміздің қазіргі жағдайына жасалған талдаулар негізінде алдағы уақытқа стратегиялық бағыттары айқындалған негізгі құжат деп қабылдаймын.

sdr

Президент әлемдік деңгейде болып жатқан пандемияға қарсы күрестің нақты жағдайына назар аудара отырып, қазіргі кезеңдегі еліміздің әр саласын көтеруге бағытталған мақсат-міндеттерді басып айтты.

Білім саласын карантин жағдайындағы қашықтан оқу жүйесінің салдарын жою мақсатында сапалы білім беруді жетілдіруді, оқудың барлық деңгейлеріндегі оқу үдерісі үшін қажетті бірыңғай онлайн платформаны әзірлеуді, 2025 жылға мектепке дейінгі оқу мен тәрбиемен қамтуды 100 пайызға жеткізуді, ол үшін жеке бизнес өкілдерін тартуды, халықтың өмір бойы білім алу қағидаты бойынша цифрлық сауаттылықтарын арттыру бағытында «үздіксіз білім беру концепциясын» құруды, кәсіптік білім беру жүйесін еңбек нарығындағы сұранысқа ие болатын құзыреттіліктерді қалыптастыруға қайта бағыттауды, жаңа кәсіпкерлер толқынын даярлау үшін мектеп, арнаулы және жоғары оқу орындарында кәсіпкерлік және бизнес негіздері курсын енгізуді тапсырды.

Сонымен қатар балалардың ерте жастан шығармашылық әлеуетін арттыруға, оларды қолданбалы еңбекке баулитын, спортпен шұғылдануға үйрететін үйірмелердің жұмысын жетілдіруді, халық арасында бұқаралық спорттың дамуына ерекше назар аудару қажеттігін атады. Ғылымды дамытуға тың көзқарас пен жаңа тәсілдер керектігін, бұл жерде халықаралық озық тәжірибені үйренуді тапсырды. «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінетінін мәлімдеді. 2021 жылдың қаңтарынан ұстаздардың жалақысын 25 пайызға өсіруді бастап, ол үшін алдағы 3 жылға 1,2 трлн теңге бөлінгенін айтты.

Жоғарыда айтылған мәселелердің әрқайсысы маңызды әрі біз, білім саласы қызметкерлері жұмылып жоспарлы шараларды қолға алуымыз қажет деп түсінемін.

 

Асылзада Жәрдемова,

Жаңақала мектеп-гимназиясы директорының

оқу ісі жөніндегі орынбасары

           

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале