1.09.2023, 18:34
Оқылды: 81

«Су тегін» деген түсініктен арылатын кез жетті  

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халқына дәстүрлі Жолдауын жариялады. Жолдау «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» деп аталады.

IMG-20230901-WA0037

Біз күткендей Жолдауда еліміздің көптеген өзекті мәселелері қамтылған. «Қазіргі ең басты міндет – еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру және экономикамыз өзімізді толық қамтамасыз ете алатын жағдайға жету» деп атап көрсетеді ел басшысы. Ол үшін қажет жағдайлар санамалап көрсетіледі: еліміздің туристік әлеуметін пайдалану, өнеркәсіп саясатының жаңаша үлгісі, қорғаныс-өнеркәсіп кешені нығайту, т.б. Сондай-ақ, ата кәсібіміз – агроөнеркәсіп кешеніне де нақты серпіліс қажет екеніне назар аударылған. Инфрақұрылымның тозуы, халықты электрмен, газбен қамтудың өзекті мәселе екені де атап көрсетілген Жолдауда. Көптен халық арасында жыр боп жүрген Атом электрэнергиясын салу мәселесі жалпыұлттық референдум арқылы шешілетін болғаны да құптарлық. Бұдан басқа да көптеген мәселелер қамтылған Жолдаудағы Су мәселесіне ерекше тоқталғым келеді. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұдан бұрын да Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте еліміздегі су мәселесіне қатысты сөз қозғаған болатын. «Мен су тапшылығының артып жатқанын ұдайы айтып жүрмін. Сарапшылардың пайымдауынша, 2040 жылға қарай суға деген сұраныс 50 пайызға артады. Қазақстан 2050 жылға қарай «суға өте мұқтаж» елдердің санатына кіруі мүмкін» дегені есте. Ел басшысы Жаңа жолдауында да Су мәселесіне көбірек көңіл бөліп, «жыл өткен сайын халқымыздың саны да, экономикамыз да өседі. Бұл – қалыпты құбылыс. Сол себепті 2040 жылдарға қарай Қазақстандағы су тапшылығы 12-15 миллиард текше метрге жетуіміз мүмкін» дейді. Сөйтіп, еліміздің кейбір өңірлерінде суды ең көп жұмсайтын ауыл шаруашылығы саласында оның 40 пайызы босқа ысырап болып жатқан айта келіп, су шаруашылығы нысандарының 60 пайызы тозып тұрғанын атап көрсетеді. «Ең бастысы су үнемдейтін технологияны енгізу – аса маңызды және шұғыл міндет» деген жолдар қуантты. Өйткені су мәселесіне шындап көңіл бөлетін уақыт әлдеқашан жеткен. Су тіршілік көзі екенін, «судың да сұрауы бар» екенін бәрі біледі. Ауасыз өмір сүру қандай мүмкін болмаса, сусыз да өмір жоқ. Табиғат ысырапшылықты көтермейді. «Үкімет олқылықтың орнын толтыру үшін өте батыл және шғыл шаралар алатын болады» Ал біздің қолымыздан келетіні, су қорын барынша ысырап етпеуді насихаттау шығар. «Су тегін» деген түсініктен арылатын кез жеткенін айта жүру керек ау.

Дариға Нұрашова,

Бөрлі ауданы 

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале