25.07.2021, 10:44
Оқылды: 66

Сулыкөл сайлау учаскесінде 91 сайлаушы таңдауын жасап үлгерді

Қаратөбе ауданының №283 Сулыкөл сайлау  учаскесінде сайлау  сағат 8-де басталды.

IMG-20210725-WA0065

Сайлау учаскесі төрағасы Тоймырза Нұрбергеновтың айтуынша Сулыкөл ауылы бойынша 725 сайлаушы тіркелген. Сайлау басталған 1 сағаттың ішінде 91 сайлаушы дауыс берген. Дауыс берушілер 12,5 пайызды құраған.

IMG-20210725-WA0066

Сайлау учаскесі төрағасы сайлау учаскесінде дауыс беру сайлау заңдары шеңберінде, тиісті санитарлық талаптарға сай жүріп жатқандығын, дауыс беруді уақытында аяқтайтынын айтады.

«Қаратөбе өңірі»

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале