18.08.2022, 17:15
Оқылды: 61

Сыбайлас жемқорлық – елеулі қатер

Сырым ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімі Т.Төреғалиевтің төрағалығымен және аудандық мәслихат және «Amanat» партиясының аудандық филиалы, ауылдық округ әкімдері мекеме басшыларының қатысуымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша кездесу өткізілді.

2

Жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мәселесін талдауға бағытталған бас қосуда аудан басшысы өңірімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық шаралар тұрақты жүргізіліп келе жатқандығын атап өтті. Одан әрі ауылдық округтерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданылып жатқан шаралар туралы ауылдық округ әкімдері баяндама жасады.

3

Жиын соңын аудан әкімі Т.Төреғалиев қорытындылап, сыбайлас жемқорлық әрекеттерін болдырмау, алдын-алу бағытында аянбай, бірлесе қызмет атқаруға шақырды.

Айман Өтеғалиева,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале