8.01.2020, 10:43
Оқылды: 163

Сырым аудандық кітапханасы әдеби марафон бастады

М.Есламғалиұлы атындағы Сырым аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде «Қадырдан бір өлең» айдарымен ақынның шығармашылығын насихаттауға арналған әдеби марафон өтті.

syrym1 (1)

Шараға «Балдырған» балабақшасының бүлдіршіндерінен бастап, Қ.Мырзалиев атындағы мектеп оқушылары, Қадыр оқуларының жүлдегерлері, орта жастағы азаматтарға дейін қатысты.

Марафонды жүргізген кітапханашы Гүлім Жантурина Қадыр Мырза Әлидің өмірі мен шығармашылығы, марапаттары туралы айтты.

syrym1 (4)

Оқырмандар ақынның өлеңдерін оқып, сөзіне жазылған әндерді орындады. Кітапханада басталған әдеби марафон facebook әлеуметтік желісінде жалғасын таппақ. Оқырмандар Қадырдың өлеңдерін оқығанын бейнетаспаға түсіріп, жеке парақшасына салып, аудандық кітапхананың парақшасын белгілейді және марафонды қалаған адамына жолдайды. Дарабоз ақынның өлеңдерін оқу марафоны жыл бойы өтпек.

syrym1 (4)

Марафонның ең жас қатысушылары мектепішілік Қадыр оқуларының жүлдегері Жанерке Бауыржан, «Балдырған» балабақшасының тәрбиеленушісі Жангүлім Таржманова, 2019 жылғы республикалық «Бақытты бала» байқауының жүлдегері, шетелге жолдама алған Равиль Жарылғасовтарға аудандық кітапхана атынан естелік сыйлық табыс етілді.

Шынар Молданиязова

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале