10.07.2024, 22:00
Оқылды: 165

Сырым ауданы: баспаналардың иелері белгілі болды

Бүгін Сырым ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Төлепов көктемгі тасқын судың зардабын шеккендерге салынып жатқан жаңа үйлердің болашақ тұрғындарымен кездесті.

PHOTO-2024-07-10-19-23-40

Бұған дейін халық үйдердің иелерін анықтап беруін сұраған. Өйткені, алда күз. Ал, малдың қысқы орыны әлі дайын емес.

Бүгін Жымпиты және Өлеңті ауылдарындағы жаңа үйлердің тұрғындары анықталды. Әділ болу үшін
анықтау жеребе тәсілімен жүзеге асты.

Жылы үйлерін су шайып, жалдамалы пәтерде жүргендердің қажып - шаршағандары рас. Бүгін сол көңілдер серпілгендей. Болашақ баспаналарының кейпін көріп, қабырғасын ұстап қарап халық мәз. Көршілер бір - біріне алғашқы құттықтауларын да айтуда. Жеребе реттік нөмір арқылы шығарылды.
Құрылыс алаңына келген Қайрат Төлепов ауылдастардың көкейінде жүрген түрлі сауалдарына да жауап беріп, кеңінен сұхбаттасты.

Қоңдыкер Елеуов,

Сырым ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале