18.05.2023, 20:47
Оқылды: 28

Сырым ауданы: жазғы демалыс кезіндегі қауіптің алдын алуға қатысты оқу семинары өтті

Сырым аудандық білім беру бөлімі мен аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен «Жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыруда өрт және судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету» атты оқу семинары өтті.
62653095-2399-4A47-A021-B77D1E4E6EDA
Семинарға аудандық мектептердің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары қатысты.
Сырым аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері, азаматтық қорғау капитаны Арман Қыдырсихов, Сырым аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары Гүлбану Мәулетова және Қарлыға Мұқамбеталиева жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастырудың алдын алу шараларына түсіндірме жұмысын жүргізу мақсатында баяндама жасап, жадынамалар таратты.
 
Айжан Бауыржанқызы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале