11.05.2021, 11:33
Оқылды: 97

Сырым ауданында 7,5 шақырым жол асфальтталды

Өткен аптада Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Тимур Айтқалиевпен бірге Шолақаңқаты ауылдық округіне барып, Тоғанас ауылына баратын кіреберіс жолдың орташа жөндеу жұмыстарымен танысты. Аудан әкімі нысанның басында мердігер «Айдана» ЖШС-ның директоры Армен Амирханянмен кездесті.

 ас 1

Құны 741 млн теңгеден асатын 11,2 шақырымдық жолдың жөндеу жұмыстары былтыр жазда басталған болатын.

Мердігер Армен Амирханянның айтуынша, бүгінде 7,5 шақырым жол асфальтталған. Ауыспалы тәртіппен жұмыстың қалған бөлігі биыл, нақтырақ айтсақ, маусым айының соңына дейін аяқталмақ.

ас2

Кіреберіс жолдың округ үшін де, аудан үшін де стратегиялық маңызы бар. Біріншіден, тақтайдай трасса тұрғындардың өмір сапасын арттырады, екіншіден, округті инвесторлар үшін тартымды етеді.

ас3

Аудан басшысы Төлеген Төреғалиев мердігерге жұмысты сапалы жүргізіп, уақтылы тапсыруды, жол жөндеу жұмыстары кезінде табиғи ресурстарды бүлдірмеуді тапсырды.

 

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале