15.01.2021, 14:51
Оқылды: 97

Сырым ауданында "99 көркем есімді" жатқа айтудан жарысты

Сырым аудандық мешіті кешегі жұмада Алланың 99 көркем есімін жатқа айтудан онлайн жарыс өткізді. Игі шара ұйымдастырушы Батырхан Нұхиевтың Instagram желісіндегі @batyrkhan_nukhyiev парақшасында тікелей эфирде өтті.

99

Жарысқа тек Сырым ауданынан ғана емес, облыстың басқа аудандарынан, тіпті Қазақстанның басқа облыстарынан да үміткерлер қатысты. Олар эфирде Алланың көркем есімдерін жатқа айтып, мағыналарын түсіндірді. Қатысушыларға аудандық мешіттің бас имамы Әділхан Наурызбай қазылық етті.

Жарыс қорытындысы бойынша сырымдық Махметов Сүлеймен І орынды, қарағандылық Дамир Бесбаев пен сырымдық Сумайра Қайыржан ІІ орынды, ауданның атынан қатысқан Әбубәкір Бақит пен Фатима Майлықұл ІІІ орынға ие болды. Қалған үміткерлерге ынталандыру сыйлықтары берілді.

Исламда Құран мен сүннет бойынша Алланың 99 көркем есімі бар. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Шын мәнінде Аллаһта 99 есім бар – бірсіз жүз. Кімде-кім оларды санап шықса, жәннәтқа кіреді», - деген хадисі бар.

"Сырым елі"

zhaikpress.kz

    

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале