Cырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев қорытынды есеп беруде. Оған облыс әкімінің орынбасары Серік Егізбаев қатысуда.

«Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» Сырым ауданында оңтайлы жүзеге асырылуда. Өткен жылы ауданның ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 11 млрд. 132 млн. теңгеге жеткен. Мемлекеттен ауыл шаруашылығы саласына 788,6 млн. теңгеге қолдау көрсетілген.
-Төрт түлік мал басынан өсім байқалып отыр. Мал қыстағын қалыпты өткізу мақсатында 149,64 мың тонна мал азығы дайындалды. Қазіргі уақытта мал қыстақтарындағы жағдай қалыпты. Жем-шөп қоры жеткілікті.

Аудандағы асыл тұқымды ірі қара малды өсірумен айналысатын 23 шаруашылықта 4 118 асыл тұқымды ірі қара тіркелген. Биыл олардың қатарына 4 шаруашылық қосылды. Олардың ішінде ауданда алғаш рет «Ешекен» шаруа қожалығы 100 бас асыл тұқымды әулиекөл тұқымды ірі қара малын әкелді.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдеріне жүргізілген түгендеу жұмыстарының нәтижесінде 45 695 гектар жер телімі мемлекет меншікке қайтарылды. «Qoldau.kz» электронды картасына ауданнан барлығы 488 396 га. жер енгізілді, - деді аудан әкімі.
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер