30.12.2021, 23:20
Оқылды: 86

Сырым ауданында он отбасыға тегін газ өткізуге сертификат табысталды

Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев үйіне тегін көгілдір отын кіргізілетін он отбасыға сертификат табыстады.

24F7F884-9B8F-4CA8-BF21-6A2808FF2889

Алғабастық Ж.Берікқалиевке, аралтөбелік А.Днекешоваға, жамбылдық Р.Жұмабековаға, бұлдыртылық Б.Төремұратоваға, қосаралдық Л.Самиховаға, жымпитылық Е.Балмұратовқа, саройлық Е.Мешқалиевқа, шолақаңқатылық Б.Мұхатовқа және жымпитылық Б.Арыстановаға, өлеңтілік А.Бакитовқа ішкі жылыту жүйесін жасауға Айнагүл Ойшыбаева жетекшілік ететін "Сырым" қоры тегін газ кіргізіп беруге демеушілік етіп отыр.

86740D63-D7F1-4DE5-9022-639E519DB963
Одан бөлек, сертификат иелерін аудан айнасы "Сырым елі" қоғамдық-саяси газетіне 6 айға тегін жаздырды.

Айта кетейік, сертификат табыс етіп, тегін газ өткізіп беру ауданда 2017 жылы қолға алынды. 2017 жылы үш үйге тегін газ кіргізілсе, 2018 жылдан бері 7 отбасы тегін газдың қызығын көруде. 2019 жылы он бір шаңыраққа, 2020 жылы 16, ағымдағы жылы 21 отбасыға тегін газ өткізіп беруге сертификат табысталды.

4D143E4A-63AB-4C37-9684-41831AF3DD00

3FEAD2E3-A9DB-4ACC-8F88-0B275C6743DC
Айжан Амангелдина,

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале