25.12.2020, 9:15
Оқылды: 99

Сырым ауданында республикалық ІІІ Қадыр оқулары өтті

Сырым ауданында ІІІ республикалық Қадыр оқулары байқауы өтті. Байқаудың биылғы ерекшелігі – онлайн түрде өткендігі.

 IMG-20201224-WA0127

Байқауға қонақ ретінде тек қазылар алқасы келді. Қонақтар ашылу салтанатында Қадыр Мырза Әли ескерткішіне  гүл шоқтарын қойды.

Байқау балалар мен жасөсіпірімдер шығармашылық орталығында өтті. «Сөзім барда – өзім бар» Қадыр Мырза Әлі шығармаларын жатқа оқу байқауы, «Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы...» Қадыр Мырза Әлі  сөздеріне жазылған  әндерді орындаушылар байқауы, «Өлең жаздым тоғыз тарау, жеті өрім» жас дарындардың Қадыр Мырза Әліге арналған өз шығармаларын орындау үш бағыт бойынша ұйымдастырылды.

IMG-20201224-WA0134

Бірінші бағыт ақынның сөзіне жазылған әндерді орындау бойынша  Құрмет грамотасының иегері, Қазастанның еңбек сіңірген  қайраткері, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, Қадыр атындағы қоғамдық қордың директоры Донеділ Қажымов, Сырым аудандық балалар мен жасөсіпірімдер шығармашылық орталығының вокал үйірмесінің жетекшісі Қайрат Рахметов, Орал қалалық мәдениет, тілдерді дамыту бөлімінің «Мәдени-ағарту бірлестігі МКҚК директорының  шығармашылық жөніндегі орынбасары  Бекей Қанатов қазылар алқасының мүшесі болды.

Ақынның өлеңдерін мәнерлер оқуда БҚМУ қауымдастырылған  профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Рита Сұлтанғалиева, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Светлана Темірғалиева, Сырым аудандық білім беру бөлімінің мектеп-лицейінің  диреткоры, жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Самал Батырова қазылық етті.

IMG-20201224-WA0129

Қадыр Мырза Әліге арнап шығарылған оқушылардың өлеңдерін Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі, ақын Айтқали Нәріков,  облыстық «Ақберен» ақындар мектебінің жетекшісі Талап Қуаныш, облыстық білім басқармасының білім беруді дамыту орталығының әдіскері  Альбена Қуатова бағалады.

«Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы...» Қадыр Мырза Әлі  сөздеріне жазылған  әндерді орындауда бас жүлдені Алматы облысы Талғар ауданынан Нұрасыл Жүнісбек иеленді. І орынды Қызылорда облысынан Назым Абдулқасым, ІІ орынды Сырым ауданынан Ерасыл Өміржан, Алматы қаласынан  Мирас Максимов, ІІІ орынды Ақмола облысынан Шұғыла Елешқызы, Ақтөбе облысынан Арнұр Мұхтар, Маңғыстау облысынан Ақнұр Сатыбалды еншіледі.

«Сөзім барда – өзім бар» Қадыр Мырза Әлі шығармаларын жатқа оқу байқауында бас жүлдені Орал қаласындағы дарынды балаларға арналған №11 С.Сейфуллин атындағы облыстық мамандандырылған мектептің оқушысы Ақжол Жүсіп жеңіп алды. І орынды Сырым ауданынан  Нұрсая Юнус иеленді. ІІ дәрежелі дипломмен Алматы облысынан Гүлнара Ержан,  Маңғыстау облысынан Арайлым Уәлихан марапатталды. Алматы қаласынан Жансая Көмекова, Ақтөбе облысынан Аяла Мұхамбетова, Нұр-Сұлтан қаласынан Ділназ Нұрхамит ІІІ орынға ие болды.

IMG-20201224-WA0130

«Өлең жаздым тоғыз тарау, жеті өрім» жас дарындардың Қадыр Мырза Әліге арналған өз шығармаларын орындау бойынша бас жүлде Орал қаласынан Қадыр Мерекеұлына бұйырды. І орынға Сырым ауданынан Сырымбек Оразбек ІІ орынға Қызылорда облысынан Ханзада Сейілбек пен Алматы облысынан Ерсайын Тұрар ие болды. Жүлделі ІІІ орынды Жамбыл облысынан Ілияс Қуандық, Маңғыстау облысынан Уәли Мәліков, Нұр-Сұлтан қаласынан Аяулым Өркенқызы еншіледі.

 

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале