26.05.2021, 10:50
Оқылды: 77

Сырым ауданында тарихи-танымдық экспедиция сапарға аттанды

Бүгін Сырым ауданында «Менің кіші Отаным!» тарихи-танымдық экспедициясы сапарға аттанды. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығының құрметіне орай сапарға шыққан экспедицияны салтанатты шығарып салу шарасына Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев қатысып, жорықшыларға сәттілік тіледі.

 э1

Аудандағы өлкетанушылардан, музей және туризм саласының қызметкерлерінен және журналист, бейнеоператорлардан құралған топ 26 мамыр мен 9 маусым аралығында Сырым ауданының барлық елді мекенін, оның ішінде көрікті аймақтары мен тарихи орындарын аралап, аңыз-әпсана, деректерді толықтырып, суретке түсіріп қайтпақ.

Экспедиция материалдары кітап болып жарық көрмек.

э2

э3

 

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале