30.12.2023, 15:45
Оқылды: 80

Сырым ауданында төрт нысан халық игілігіне берілді

Бүгін “Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері” ұлттық жобасы аясында Сырым ауданына қарасты Қызылағаш, Көгеріс, Бұлан, Жамбыл елді-мекендерінде нысандар пайдалануға берілді. Атап айтсақ, аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов ауылдық округтердегі ауыз су құбырының салтанатты ашылуына қатысып, халықты құттықтады.

9cee689e-7600-42d6-99e7-a724ba690111

- Жаңа жылдың қарсаңында “Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері” ұлттық жобасы аясында тұрғындардың игілігі үшін ауыз су құбыры іске қосылып жатыр. Бүгін тұрғындар үшін “ақ түйенің қарны жарылған күн”. Ауыз судың игілігін көріңіздер!, -деді аудан басшысы Жұмагелді Жолдыбайұлы.

IMG_2928

Одан бөлек, Сырым аудандық мәслихат төрағасы Шынар Дүйсенғалиева, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Асхат Дүйсенғалиев, мердігер “LifeStroyInvest” ЖШС өкілі Ернияз Үдреев, “СМУ Шығыс” ЖШС өкілі Берік Нұрымбетов ауыл ақсақалдары ашылу салтанатына қатысып, халықты құттықтады.

IMG_2957

3680704a-8dd3-402c-aca3-9976e0043595

007df720-e0d7-4776-aac0-733fd701eb00

Айжан Бауыржанқызы,   

Сырым ауданы

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале