30.03.2021, 9:14
Оқылды: 276

Сырым ауданының әкімі вакцина салдырды

Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев COVID-19-ға қарсы "Спутник V" вакцинасын салдырды. Вакцина салдыруға аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов, аудан әкімі аппаратының басшысы Медет Мырзаш та арнайы барды. Одан бөлек, бірқатар бөлім басшылары да аталмыш вакцинаны қабылдады.

 sharetemp

Аудан әкімінің айтуынша, індетке төтеп беру үшін денінің саулығын ойлаған әрбір тұрғын вакцина салдырғаны абзал.

- Жалпы ауданға 110 доза "Спутник V"  вакцинасы келген болса, алғашқы легін 81 медициналық қызметкер, 14 ұстаз, 9 тәртіп сақшысы, 1 тұрғын, 5 мемлекеттік қызметкер алып үлгерді.
Вакцинаны 18 жасқа толған тұлғалар ғана салдырады. Вакцинация – қарсы көрсеткіші жоқ адамдарға егуге рұқсат етілген. Екпе алдында дәрігер пациентті міндетті түрде тексереді. Адам алдымен вакцина жайлы толық ақпарат алады, кейін жазбаша келісімге немесе профилактикалық егуден бас тарту туралы құжатқа қол қояды. Екі сатылы вакцина арасындағы интервал 21 күн, - дейді эпидемиолог көмекшісі Әсел Қалбаева.

 

Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале