23.11.2022, 21:30
Оқылды: 50

Сырым елінде "Өнер барысы" өтпек

Ертең Сырым елінде облыс бойынша өнер саласында жүрген азаматтар арасында “Өнер барысы-2022” додасы өтпек.
image-23-11-22-08-46
- Биылғы жыл аудан тарихында өзіндік ерекшелігімен есте қалары сөзсіз. С.Датұлының 280, Ж.Досмұхамедовтің 135 жылдығына орай ертең ауданымызда өткелі отырған “Өнер барысына” облыстың өнер де ғана емес бозкілемде де мықтылары жиналады деп күтілуде. Болашақта өнер иелері тек сахнада ғана өнер көрсетіп қоймай ,белдесуден де мықты екендерін мойындатып, ұлттық спортымыздың деңгейін асқақтатса нұр үстіне нұр болар еді,- дейді Сырым аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Ержан Махметов.
Айта кетейік, Сырым ауданының атынан Ринат Шайхиев, Сәлімжан Әубәкіров, Нұрлыбек Байниязов, Мейірбек Қанатов, Ринат Мұхамбет сынды өнер иелері бақ сынамақ.
Сырымдық сахнаның сәнін келтіріп, әуезді әнін шырқап жүрген жігіттеріміз белдескеннің белін үзіп, жеңіс тұғырынан көрінеріне бек сенімдіміз!
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы 
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале