2.03.2020, 10:00
Оқылды: 95

Сырым саз мектебінің шәкірттері жетістіктерге жетті

Сырым аудандық балалар саз мектебінің оқушылары кешегі аптада бірқатар жетістіктерге жетті, деп хабарлайды мектептің директоры Мақсат Жұмағалиев.

syrym audany (2)

syrym audany (1)

«Жас Өрен» шығармашылық орталығы ұйымдастырған «Әлемнің Абайы» атты республикалық балалар байқауында А. Ғұбайдуллин атындағы дәстүрлі ән сыныбының оқытушысы Дархан Қажығалиевтің шәкірттері «Дәстүрлі ән» аталымы Әмина Мералы мен Мәдина Құрмашева ІІ орынға ие болған. Ал Х республикалық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңінде «Әнші бұлбұлдар» бағыты бойынша Дархан Қажығалиевтің тағы бір шәкірті, дәстүрлі ән сыныбының оқушысы Өміржан Ерасыл жеңімпаз атанып, Нұр – Сұлтан қаласында өтетін республикалық кезеңге жолдама алды.

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале