20.12.2022, 21:09
Оқылды: 94

"Сырым шешен, Жанша көсем елі бұл!"

Тәуелсіздік күніне орай “Сырым шешен, Жанша көсем елі бұл!” атты Сырым ауданының білім беру мекемелері басшылары арасында аудандық пікірсайыс турнирі өтті.
image-20-12-22-08-22-2
Турнирге мектеп директорлары мен орынбасарларынан құрылған 10 команда қатысты.
Әдетте ұстаздардың арасындағы пікір сайыс ойындарына куәгер болып жүрсек, мектеп директорлары мен орынбасарлары да жаңа қабілеттерімен көзге түсті.
Мектеп басшыларының тартысты ойынында SYRYM TÖBE дебат орталығының бас төрешісі Назгүл Мұстафиева бастаған төрешілер құрамы төрешілік етті.
image-20-12-22-08-22-5
Пікірсайыс нәтижесінде ІІІ орынды Сырым лицейінің “Ақиқат” фракциясы мен Қ.Мырзалиев мектебінің “KMG mektep” фракциясы бөліссе, ІІ орынды Сырым мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің “ЖАҢАСӨЗ” фракциясы қанағат тұтты.
Өзгелерден ұтқырлығы мен суырылып алға шыққан Көгеріс пен Жамбыл негізгі орта мектебінің MIX құрамасы “Желтоқсан” фракциясы І орынды иеленді.
image-20-12-22-08-22-4
Жүлдегерлерден бөлек “Үздік спикер”, “Үздік оратор”, “Үздік төреші”, “Үздік дресс код”, “Үздік команда атауы”, “Үздік парламентарий” номинация иегерлері анықталды.
Шараға аудандық білім беру бөлімі, Сырым аудандық педагог қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы мен Аманат партиясының “Жымпиты” бастауыш партия ұйымы, ойынға қатыспаған мектеп директорлары, балалар саз мектебі директорының міндетін атқарушы, тәрбие ісі орынбасарлары қаржылай қолдау көрсетті.
Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале