4.10.2022, 12:15
Оқылды: 147

Сырым шыққан төбедегі тарих сабағы

М.Қаналиев атындағы Алғабас орта мектебінің оқушылары Сырым шыққан төбеге веложорық ұйымдастырды. «Жасұландықтар» баба тойына осылайша бояу қосты.

IMG-20221003-WA0067

Сырым шыққан төбе – даңқты батыр, би Сырым Датұлының әскер жиған алаңы, майдан маневрларын жасаған жері. Төбе әлі күнге даланың патшасының тақ тұғырындай болып жатыр.

-Жорықшылар тек велосипедпен дала кезіп қана қоймай, тарихи орында тұрып ерлік, батырлық туралы өлеңдерін оқыды. Мектеп тарихшылары Нұржан Нәділшеұлы, Ақгүл Құрманғалиқызы балаларға Сырым туралы дәріс оқыды. Даладағы тарих сабағынан оқушылар ерекше әсерленді, – дейді тәлімгер, «Сырым елі» газетінің штаттан тыс тілшісі Нұрболат Жұмағазиев.

Б.Шерім,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале