28.12.2021, 17:50
Оқылды: 29

Сырымда 64 бала жаңажылдық сыйлыққа ие болды

Індет іргеде жүрсе де, балаларды мейрамсыз қалдыруға болмайды. Бүгін ҚР Президенті Қасым - Жомарт Тоқаевтың жаңажылдық сыйқоржыны мен Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиевтің сыйлықтары сырымдық оқушылардың үйлеріне жеткізілді.
WhatsApp Image 2021-12-28 at 17.41.32

Қособа және Жырақұдық ауылдарындағы балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтау үшін Төлеген Төреғалиевтің өзі барды. Ол оқуда озат, қоғамдық жұмыста белсенді, спорт пен шығармашылықта үздік жас достарына мемлекет басшысының сәлемін жеткізіп,  аудан басшысы ретінде "Туған жерін түлетіп, Отанына қызмет ететін азамат болыңдар! " - деп тілек білдірді.

WhatsApp Image 2021-12-28 at 17.41.33

Балалар жылды расымен де табысты аяқтаған екен. Мәселен, ел Президентінің жаңажылдық сыйлығына Жырақұдық орта мектебінің 4-сынып оқушысы Нұрайлым Шаймардан республикалық "Ұлтын сүйген ұландар"  байқауында жүлделі ІІ орынға ие болыпты. Оралдан жеткен марапатты, жүлдегер медалі мен кубогын аудан әкімі салтанатты түрде табыс етті.

Сырым аудандық білім беру бөлімінің басшысы Берік Жанболсыновтың айтуынша, бүгін сырымдық 64 оқушыға жаңажылдық сыйлыққа ие болған.

 Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале