15.05.2021, 16:54
Оқылды: 139

Сырымда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі басталды

Бүгін Сырым ауданында дәстүрлі ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі басталды. Жаңа маусымның басталуымен аудан әкімі Төлеген Төреғалиев құттықтады.

20210515_164359

Жылды ашқан алғашқы жәрмеңкеде 12 ауылдық округтің шаруалары ет және сүт өнімдерін саудаға шығарды. Халықтың іздегені де - осылар. Таңда сойылған ірі қараның етін, көкке түскен малдың қаймақ - сүтін, әсіресе заузаның уақытында былғанған майды ел таласып - тармасып сатып алды.

Бақша саламын деп жүргендердің жолы болды. Қаланың іргесіндегі Круглоозерное ауылынан арнайы келген Сергей бағбан қияр, қызанақ, баялды, бұрыш сияқты көкөністердің көшеттерін, сан алуан гүлдердің түптерін әкеліпті. Олар бұл бақша маусымына ақпанда дайындалып, тұқымдардан өскін өндіруді қолға алады екен. Көктеген түптерді сәуір-мамыр айларында сатады. Орал қаласында қызанақ, қиярдың бір түбі 60 теңгеден. Жымпиты жәрмеңкесінде әр түп 35 теңгеден сатылды.

20210515_164419

Жәрмеңке - тек сауда қылатын емес, елдің сейіл жасап, сауық құратын жері. Жымпиты жәрмеңкесінде де аудан әншілері ән салып, халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

"Қайсар" спорт клубы келушілер арасында қол күресі мен кір тасын көтеруден жарыс өткізді.

20210515_164409

20210515_164435

20210515_164446

20210515_164507

20210515_164455

Бауыржан Ширмединұлы,
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале