6.09.2019, 12:16
Оқылды: 400

Сырымда ерікті құрам өртті сөндірді

Биыл Сырым ауданында 13 өрт оқиғасы тіркелді. Бүгінгі мәлімет бойынша, 10-ы даладағы өрт. Жану негізінен Жосалы ауылдық округінде жиі байқалды.

дала өрті

 Күні кеше Аралтөбе ауылдық округінде 115 гектар шабындық алқап отқа оранды. Округтегі өртке қарсы ерікті құрылымның 10 мүшесі мен 4 техника жұмылдырылып, өрт ауыздықталды.

Биыл елімізде дала өрттерін сөндіру кезінде 3 адам қаза тауып, 8 адам жарақат алды. Бұл қасіреттерді қайталамау – біздің бөлімнің басты мақсаты. Қазіргі таңда аудан бойынша 12 ауылдық округте дала өртін сөндіру үшін 121 адамнан тұратын ерікті өртке қарсы құрылым бар.

 «Азаматтық қорғау туралы» Заңға сәйкес дала өрттерін сөндіру міндеті ерікті өртке қарсы құралымдарды тарта отырып жергілікті атқарушы органдарға жүктелген.

Жақында өрт сөндіру кезіндегі қауіпсіздік шараларын нығайту мақсатында, бөлім бастығының бекіткен арнайы жоспарына сәйкес, аудан аумағындағы ерікті өртке қарсы құралымдарға табиғи өрттер мен жануларды сөндірудің алғашқы әдістеріне үйретуді теориялық түрде түсіндіру бойынша, сабақтар өткізілді. Оқыту барысында, далалық жанулар кезіндегі қауіпсіздік шаралары, жауынгерлік дайындықты арттыру және дағдыларын пысықтау, жанулардың алдын алу жұмыстарын қалай жүргізу керектігі кеңінен талқыланды.

Сағдат Әнес

аудандық ТЖБ бас маманы,
азаматтық қорғау аға лейтенанты

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале