21.09.2020, 12:33
Оқылды: 94

Сырымда футзалдан ІІІ аудан чемпионатының жабылуы өтті

Футзалдан Сырым ауданы ІІІ чемпионатының жабылу салтанаты өтті. Шараға «Қайсар» спорт клубының директоры Ерболат Мұқанов, аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Бауыржан Ихсанов, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы, спорт жанашыры Арман Гумаров қатысты.

футзал

Футзалдан аудан чемпионатына 22 команда қатысып, 3 лигаға бөлінген болатын. Жоғары лигаға 6 команда, бірінші лигаға 8 команда, екінші лигаға 8 команда, барлығы 320 спортшы қатысты.

Жоғары лига бойынша «Достар» командасы І, «Тоғанас» командасы ІІ, «БЖСМ» командасы ІІІ орынға ие болды. Бірінші лига бойынша «Жосалы» командасы жеңімпаз атанды. «Ж. Досмұхамедов» командасы ІІ орынға табан тіресе, «Көздіғара» командасына ІІІ орын бұйырды. Екінші лигада «Жымпиты» І, «Жырақұдық» ІІ, «Жамағат» ІІІ орын тұғырынан көрінді.

футзал4

Жоғары лиганың «Үздік қақпашысы» Н.Еділбаев, «Үздік қорғаушысы» Н.Төлепов, «Үздік техникалық ойыншысы» Т.Анваров, «Үздік шабуылшысы» Ф.Қабдығалиев, «Үздік ойыншысы» М.Мирболатұлы, «Үздік сұрмергені» Ж.Сәрсенов марапатталды. Бірінші лигада Р.Боран «Үздік қақпашы», Қ.Мұратов «Үздік қорғаушы», Ә.Тасболат «Үздік техникалық ойыншы», А.Тулеушов «Үздік шабуылшы», Н.Садықов «Үздік ойыншы», Ж.Бауыржан «Үздік сұрмерген» атанды. Ал, екінші лигадағы үздік ойнағандарға келсек, Р.Аткаев «Үздік қақпашы», С.Құмарғалиев «Үздік қорғаушы», Т.Убинаманов «Үздік техникалық ойыншы», О.Сүндетқали мен Ә.Нығмет «Үздік шабуылшы», Б.Бекниязов «Үздік ойыншы», Д.Мерекеев «Үздік сұрмерген» атағына ие болды.

футзал6

Кубокқа ие болған ойыншылар – «Үздік қақпашы» Т.Бисенғалиев, «Үздік қорғаушы» М.Ерболатов, «Үздік шабуылшы» А.Жасұлан, «Үздік ойыншы» Б.Қыдыралин.

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале