3.12.2019, 12:57
Оқылды: 64

Сырымда кәсіпкер ауыл мектебіне музыкалық құрылғы алып берді

Жөндеу көріп жарқырап, жаңадай болған мектепте үшінші оқу жылын оқып жатырмыз. Осындай хан сарайдай ордада отырғанымыз жергілікті билік пен олардың тапсырысын мінсіз орындап, Сырым бабамыздың 275 жылдық мерейтойы қарсаңында бізге өңі қашып, суық ішін әбден ендеп, көмескі тартқан мектепті осы қалыпқа келтірген ТОО «Өркен-Сервис» құрылыс компаниясының арқасы.

Қазір басты міндет – оқу, білімнің шамын сөндірмей, ғылымның алып шыңын бағындыратын шәкірт тәрбиелеу. Мектепте шәкіртке тек білім бермейміз, өнер үйретеміз, шығармашылығын шыңдаймыз. Ол үшін бірінші оқушының ынта-талабы, кейін жақсы материалдық база керек.

syrym (1)

Мектебіміз халықтың, ұстаздар мен оқушылардың игілігіне қайта қолданысқа берілгенде аталған құрылыс компаниясының директоры Берік Нұрмұханов мырза да Сырымның жас саңлақтарының айтар әні, жырлар жыры таусылмасын деген ниетпен музыкалық аппаратура алып беруді уәде еткен болатын. Сол уәденің күрмеуі шешіліп, жаңа музықалық құрылғыны қолымызға алдық, құрып, акт залының төріне орналастырдық.

Гүлжанат Бахытжанова

Сырым мектебі директорының

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,

"Сырым ел" газетінің штаттан тыс тілшісі

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале