27.11.2018, 12:52
Оқылды: 52

Сырымда Мәуліт мерекесі тойланды

Мереке күні Сырым ауданының орталық мешітінде Орал қаласындағы Тәжиден Батырұлы мешітінің бас имамы Мейрамбек Әбдірахманов уағыз айтты.

 маулит (7)

Кейін қалалық мешіттің бас имамы аудан жастарымен жүздесті.

Алланың елшісі Мұхаммед пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірін өнеге ету мақсатында аудандық мәдениет үйінде «Адамзаттың асыл тұлғасы» атты рухани кеш өтті. Кештің басында аудандық мешіттің найб имамы Жасқанат Ерсайынов құран мен мәуліт – шәриф оқыды.

Жымпиты халық театры сахналаған «Мейірімді қыз» қойылымы көрермендерге ой салды. Адамның біреуге жақсылық жасау арқылы өзіне жақсылық жасайтынын театр әртістері өмірден алынған оқиға арқылы көрсетті.

Кешті Сырым аудандық орталық мешітің бас имамы Әлішер Ералиев қорытындылады.

маулит (1)

маулит (2)

маулит (5)

маулит (6)

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале