23.10.2024, 17:45
Оқылды: 97

Сырымда мемлекеттік қызметкерлер арасында ұлттық спорт түрлерінен біріншілік өтті

Сырымда Республика күніне орай мемлекеттік қызметкерлер арасында ұлттық спорт түрлерінен біріншілік өтті.

мемқызметшілер сайысты

Жарысқа ауданымыздың Талдыбұлақ, Жымпиты, Сарой, Қособа, Аралтөбе, Алғабас, Бұлан, Бұлдырты, Жосалы, Жетікөл, Тасқұдық ауылдық округтерінің мемлекеттік қызметкерлері қатысып, ұлттық спорттың садақ ату, бес асық және асық ату түрлерінен тартысты ойын көрсетті.

Сайыстың ашылуы аудан әкімінің орынбасары Артур Шерғалиевтің қатысушыларға деген жігерлі сөзімен басталды.

Сайыс қорытындысында ерлер арасында садақ атудан Нұрхан Сейтеков 1 орын, Бағдат Жанболатов 2 орын, Ерлан Макашев 3 орынды иеленсе, әйелдер арасында Жанаргүл Кәрімғалиева 1 орын, Айгүл Матышова 2 орын, Азиза Қадырова 3 орынды қанжығасына байлады.

Асық ату бойынша Ерлан Макашев 1 орын, Өркен Аменов 2 орын, Рашид Байров 3 орынның мінберінен көрінді.

Бес асық ойынында Перизат Илашева 1 орын, Манаргүл Тасқалиева 2 орын, Айкөркем Шынболатова 3 орын алды.

Қазылардың шешімімен жүлдегерлер диплом, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Қоңдыкер Жеңісұлы

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале