8.02.2019, 18:30
Оқылды: 70

Сырымда Qoldau.kz электронды картасына жер телімі енгізілуде

Бұл туралы Сырым ауданы әкімі Төлеген Төреғалиев халық алдындағы есептік кездесуінде айтылды.

syrym (6)

-Ауданда 2017 жылы 12 шаруашылық асыл тұқымды мал өсірумен айналысса, олардың қатарына былтыр тағы да 6 шаруашылық қосылды. Осы 18 шаруашылықта 3 582 бас асыл тұқымды ірі қара малы тіркеліп отыр. Бұл аудандағы жалпы ірі қара малының 7,8%. Былтыр ауданға 527 бас асыл тұқымды аналық ірі қара малы сатып алынса, соның ішінде 181 бас абердин-ангус тұқымды ірі қара Ресей Федерациясынан алынды.

Алдағы уақытта асыл тұқымды жылқы малымен айналысу ісі жолға қойылмақ. Ауданда «Иманғали» шаруа қожалығы сыйымдылығы 1000 басқа арналған ірі қара малын бордақылау алаңын салып, Көшім асыл тұқымды жылқы малын өсіруді қолға алды.

Аудан орталығында «Атамекен-Сырым» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі модульді мал сою пунктін салып, ет дүкенін ашты. Пунктке сыйымдылығы 2 тонна болатын рефрижератор автомашинасы алынды. «Жібек жолы» шаруа қожалығында ірі қара және қой сою пунктін биыл іске қосылмақ,- дейді аудан әкімі.

«Жер – ел қазынасы» бағдарламасын іске асыру мақсатында 116 игерілмеген жер учаскелерінің пайдаланылмау фактісі анықталды. Жалпы 2018 жылы мемлекет меншігіне қайтарылған барлық жердің көлемі 21 955 гектар. Алдағы уақытта мемлекет меншігіне қайтарылған жер конкурс арқылы берілетін болады.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, Qoldau.kz электронды картасына жер телімін салу жұмысы жүргізілуде. Қазіргі уақытта электрондық картаға барлығы 339 449 гектар жер телімі енгізілді.

© zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале