20.09.2023, 21:33
Оқылды: 11

Сырымда шағын футболдан аудандық турнир өтті

Сырым ауданына қарасты Шағырлой ауылында "Қайсар" спорт клубының әдіскері Мәди Кенесаринның және спорт сүйер ауыл азаматтарының ұйымдастыруымен шағын футболдан аудандық ашық турнир ұйымдастырылды.

IMG_6591

Шағын футбол додасына ауданның 11 командасы мен көршілес Қаратөбе ауданынан бір команда қатысты.​

IMG_6589

12 команда төрт топқа бөлініп тамаша ойын өрнегін көрсетті. Ойыншыларға түскі ас ұйымдастырылды. Финалда "Жымпиты", "Қособа", "Шағырлой", "Абай" ​ командалары жүлделі орындарға таласты.​

IMG_6597

Ойын нәтижесінде, жүлделі ІІІ орынды Сарой ауылдық округінің оқушыларынан құралған "Шағырлой" командасы, ІІ орынды "Қособа", І орынды "Жымпиты" командалары иеленді.

IMG_6596

"Жеңіске деген жігері үшін" аталымымен "Абай" командасы марапатталды.
Жүлдегерлер мен аталым иелеріне диплом және ақшалай сыйлықтар табысталды.
Әр командадан "Үздік қақпашы"," Үздік ойыншы", "Үздік қорғаушы", "Үздік шабуылшы" ​ номинациялары бойынша үздіктер анықталды.​

IMG_6595
Футболға ауыл азаматтары мен “Қайсар” спорт клубы демеушілік етті.

Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы​

zhaikpress.kzs.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале