Сырым ауданы Көгеріс ауылының азаматтары ауыл іргесіндегі Таубай қорымын қоршады.

Бұл бастаманы ауыл азаматы Нұрлыбек Әлжанов көтеріп, оған көгерістіктер түгел атсалысқан. Халық 800 мың теңге қаражат жинап, қоршау жұмыстарын да өздері жүргізген. Кейін ауылда қазан көтеріліп, марқұмдардың рухына арнап ас беріліпті.

Осыған дейін алғабастықтардың ауылы маңындағы қорымды қоршағанын жазсақ, бүгін осындай сауапты істің Көгерісте де атқарылғанын көріп, қуанып отырмыз. Ал Жымпитыдағы үлкен зират қашан қоршалады екен? Бұл шаруаны қай азамат бастар екен?

Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер