28.02.2024, 10:00
Оқылды: 18

Сырымда үш күнде 40 ашық сабақ өтеді

Бүгін Сырым ауданында «Сапалы білім сапалы сабақтан!» атты облыстық педагогтар байқауы басталды. Үш күн бойы өңірдің таңдаулы мұғалімдері сырымдық оқушылар үшін география, биология және химия пәндері бойынша ашық сабақтар өткізеді.

IMG_7981

Шараның салтанатты ашылуы Қ. Мырзалиев атындағы мектепте өтті.

- ҚР Президенті Қасым - Жомарт Тоқаев: «Баланың қауіпсіздігі мен сапалы білімі басты назарда болуы тиіс», - деді. Үкіметтің алдында ауыл мен қала мектептерінің арасындағы айырмашылықты жою мәселесі де тұр. Мектеп мектептен білім сапасымен ғана оза алады. Облыстық үздік ашық сабақтар шеруінің Сырым ауданында өткеніне бек қуаныштымын. Үш күн бойы педагогтар озық тәжірибелерін таратады, өзара кәсіби дағдыларды алмасады. Бұл жерде ең үлкен олжа - оқушылардікі! - деді ашылу шарасында сөз сөйлеген Сырым ауданы әкімінің орынбасары Артур Шерғалиев.

IMG_7976

Байқаудың бағдарламасымен облыстық білім басқармасының жанындағы білім беруді дамыту орталығының білім сапасын басқару және менеджмент, мониторинг бөлімінің басшысы Жеңісгүл Нарықова таныстырды.

Байқаудың алғашқы күні - химия күні . Оған аудандық және облыстық білім беру ұйымдарынан 13 педагог қатысады.

Сырым аудандық білім беру бөлімінің басшысы Досжан Тайшиевтің айтуынша, 28 ақпан 1 наурыз аралығында 40 мұғалім ашық сабақ өткізеді.

 

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале