31.12.2019, 10:06
Оқылды: 316

Сырымда жеті отбасыға тегін газ өткізуге сертификат табысталды  

Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев тегін көгілдір отын кіргізілетін жеті отбасыға сертификат табыс етті.

syrym (1)

Бұлдырты ауылының тұрғыны Лұқпан Әбілпейісовтің шаңырағына Берік Сүлейменов жетекшілік ететін «БатысМұнайГазЖабдықтары» табиғи газ өткізіп бермек.

syrym (2)

Бұлан ауылындағы Зинағабденов, Өлеңті ауылындағы Амангелді Тұрланов, Көздіғара ауылындағы Бақыт Балабаева мен Жосалы ауылының тұрғыны Айнагүл Днекешованың үйіне Айнагүл Ойшыбаева жетекшілік ететін «Сырым» қоры тегін газ кіргізіп беруге демеушілік етіп отыр. Қосарал ауылының тұрғыны Айгүл Сапиеваның үйін Сырым ауданы мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің салалық кәсіподағы табиғи газбен қамтамасыз етпек.

Айта кетейік, сертификат табыс етіп, тегін газ өткізіп беру ауданда 2017 жылы қолға алынды. 2017 жылы үш үйге тегін газ кіргізілсе, 2018 жылдан бері 7 отбасы тегін өткізілген газдың қызығын көруде. 2019 жылы төрт шаңыраққа газды тегін өткізіп беруге сертификат берілді.

Шынар Молданиязова

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagr am-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале