17.02.2021, 22:04
Оқылды: 34

Сырымда зияткер имамдар бас қосты

«SJ» жастар орталығында «Зияткер имам» атты имамдардың аймақтық форумы өтті, деп хабарлайды Сырым ауданының орталық мешіті. Форумға облыстық орталық мешіттің найб имамы Бақытжан Құралбайұлы, аудандағы мешіттердің өкілдері және аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Досжан Тайшиев қатысты.

IMG-20210217-WA0056

Ауданның бас имамы Әділхан Наурызбайдың айтуынша, қатысушыларға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанынан қабылданған жаңа құжаттар мен Сырым аудандық орталық мешітінің 2021 жылға арналған жаңа жұмыс жоспары таныстырылған.

20210217_215915

«Зияткер имам» - қоғамның сұранысы тудырған дін қызметкерінің жаңа біліктілігі. Дін ілімі мешіттің шеңберінен шығып, қоғамға табысты тарауы тиіс. Ол жұмысты зияткер имамдар атқара алады.

Имамдар діни шараларды пысықтау, жаназа шығаратын молдалардың біліктілігін арттыру туралы ұсыныстар айтты.

20210217_215931

Форум жұмысын қорытындылаған Бақытжан Құралбайұлы ислам дінінің Сырым ауданында дамып, өркендеуіне үлес қосқан дін қызметкерлеріне алғыс хаттар табыс етті.

«SYRYM eli»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале