22.04.2019, 10:38
Оқылды: 27

Сырымдық бағдарлаушылар универсиада жеңімпазы атанды

Орал қаласында Қазақстан Республикасының Х жазғы универсиадасы аясында өткен спорттық бағдарлау жарысы аяқталды. Осы жарыста сырымдық Мәдениет Үмбетияров пен Мереке Тілеу «Эстафета» қашықтығы бойынша жеңімпаз атанды.

IMG-20190421-WA0049

         Бүгінде Батыс Қазақстан инженерлік-техникалық университетінде білім алатын Мәдениет пен Мерекенің Сырым аудандық жас туристер станциясының жанындағы «Азимут» спорттық бағдарлау үйірмесінің түлектері екенін айта кетейік.

         Үйірменің жетекшісі, спорттық бағдарлаудан ұлттық дәрежедегі төреші Жасқанат Есламғалиевтің шәкірттері оқушы кездерінде-ақ республика чемпиондары атанып үлгерді.

         Қазақстанның 11 оқу орнының командасы қатысқан жарыста сырымдық Аружан Серікқали мен Нұрсұлтан Жәнібеков күміс жүлдеге ие болды. Олар универсиадада Жәңгірхан атындағы БҚАТУ мен М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың намысын қорғады.

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

IMG-20190421-WA0046IMG-20190421-WA0050

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале