12.09.2019, 18:14
Оқылды: 209

Сырымдық депутаттар сайысты

Бүгін Сырым ауданында аудандық мәслихат және «Nur Otan» партиясы Сырым аудандық филиалының ұйымдастыруымен депутаттар арасында ұлттық ойындардан жарыс өтті, деп хабарлайды депутаттардың бірі Серік Тоқмамбетов.

syrym (8)

Қарасу мөлтекауданындағы спорт алаңында халық қалаулылары асық және мылтық атудан сайысты. Асық атудан Аида Ниязғалиева, ал мылтық ұстаған мергендің арасында Талғат Дарғожиев жеңімпаз атанды.

syrym (5)

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге аудандағы қолөнер шебері Мұрат Рамазановтың өрген қамшысы, суретші Арнұр Қажымовтың туындылары және арнайы сатып алынып, Сырым аудандық педагогикалық-психологиялық түзеу кабинетіндегі даму мүмкіндігі шектеулі оқушылардың қолөнер бұйымдары сыйлыққа берілді.

 syrym (3)

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале