4.02.2019, 11:17
Оқылды: 28

Сырымдық футболшы Ұлттық құрамаға алынды

«Ақтөбе» шағын футбол клубының қақпашысы, сырымдық Салауат Байралиев шағын футболдан Қазақстанның Ұлттық құрамасының сапына алынды. 1 ақпан күні Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында шағын футболдан Қазақстан және Хорватия құрамаларының арасында өткен жолдастық кездесуге Салауат Байралиев екі дүркін Әлемнің «Үздік қақпашысы» атанған ұлттық құраманың қақпашысы, бразилиялық легионер Игитаның қосалқы құрамы ретінде қатысты.

IMG-20190203-WA0010

         Салауат Байралиев 1994 жылы 17 сәуірде Сырым ауданы, Жымпиты ауылында дүниеге келген. Футбол әліппесін Сырым ауданындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің футбол үйірмесінде жаттықтырушы Руслан Чукуровтан үйренген Салауат шағын футболдан Сырым ауданының құрамасының қатарында жүріп, облыстық, республикалық жарыстардың жеңімпазы болды. «АзияТехСтрой» ЖШС футбол командасының қақпашысы болған облыстық лиганың 2013-14 жылғы маусымында «Үздік қақпашы» атанды.

          Спорттық мансабы ақтөбелік «Інжу» футбол командасына қабылданғаннан кейін өрлей бастады. «Інжу» клубының Қазақстан кубогіндегі ойыны «Ақтөбе» шағын футбол клубы деп қайта жасақталғаннан кейіжылма-жыл жақсарып, «Ақтөбе» шағын футбол клубы 2017-2018 Қазақстан Кубогінің иегері болды. Осы кубокте қақпашы Салауат Байралиев «Үздік қақпашы» атанып, жанкүйерлер түгілі, елдегі футбол мамандарына да өзінің шеберлігін мойындатты.

         Айта кетейік, Салауат Жымпитыдағы Қ.Мырзалиев атындағы мектептің түлегі. Мектеп бітіргеннен кейін Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша жоғары білім алды.

IMG-20190203-WA0004

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале