3.10.2020, 9:05
Оқылды: 68

Сырымдық мұғалім республиканың «Үздік педагогы» атанды

Білім және ғылым министрлігі Ұстаздар күні мерекесіне орай «Үздік педагог - 2020» республикалық байқауының жеңімпаздарын, еліміздің әр өңіріндегі ұстаздарды бір мезгілде бейнеконференция арқылы құттықтады.

IMG-20201002-WA0038
Аталмыш республикалық конкурс қоғамдағы педагог мәртебесінің биік болып, еңбекқор ұстаздардың еңбегін елге таныту мақсатында 2012 жылдан бастап өткізіліп келеді.

Бейнеконференция арқылы өткен шарада Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов үздік деп танылған әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтап, жеңімпаздарды марапаттады.

IMG-20201002-WA0035
Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысы бойынша екі педагог "үздік"​ деп танылған болатын. Бірі облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығының қосымша білім беру педагогы М.Құспанов болса, енді бірі жерлесіміз, жалпы білім беретін Қ.Мырзалиев атындағы орта мектебінің тарих және құқық пәнінің мұғалімі Гүлдана Нұғманова.

Жеңімпаздарға «Білім беру ұйымының үздік педагогы - 2020» төс белгісі, куәлік, сондай-ақ 1000 АЕК (2 778 000 теңге) сыйақы сертификатын облыс әкімінің орынбасары С.Егізбаев табыстады.

Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале