5.02.2020, 18:04
Оқылды: 105

Сырымдық өнерпаздар халықаралық байқаудан жүлделі оралды

2019 жылы 19 қарашада Орал қаласында БҚО Қазақстан халық Ассамблеясы мен Ресей Федерациясының бас консулдығының қолдауымен композитор Назиб Жигановқа арналған халықаралық музыка фестивалінде Сырым аудандық балалар саз мектебі оқушыларының «Forte-күй» ансамблі 2020 жылы 1 ақпанда Татарстан республикасында өтетін музыкалық фесивальге шақырту алған болатын.

syrym bi (1)

Жақында Татарстан Республикасының 100 бейне жобасы аясында Татарстан мәдениет министрлігінің қолдауымен V «Жиганов Vivo» фестиваль-конкурсы өтті.

Бұл конкурсқа 100-ден аса дарынды балалар шақырылған. Осынау сайысқа біздің аудандық балалар саз мектебі фортепиано сыныбының оқушылары Құмарғали Әли, Жолдығали Дәрмен, Құмарғали Рамадан (мұғалімі Әсел Бисенғалиева) және домбыра сыныбынан Құмарғали Дінмұхаммед, Жолдығали Бернар, (мұғалімі Айгүл Сапаралиева) қатысты.

syrym bi (4)

Сонымен сайыста балалар 4 номинация бойынша өнер көрсетсе, ансамбль номинациясында домбыра-фортепиано «Forte-күй» ансамбльі 1-ші дәрежелі лауреат атанып, сәуірде Мәскеуде өтетін халықаралық байқауға шақырту алды.

Ал ансамбль номинациясы бойынша трио Құмарғали Дінмұхаммед, Жолдығали Дәрмен, Жолдығали Бернар екінші орын, фортепианомен жеке орындауда, Құмарғали Рамадан – 2, ансамбль (фортепиано) Құмарғали Әли мен Жолдығали Дәрмен дуэт орындауда 3 орынды иеленсе, байқауда орындалған Назиб Жигановтың шығармаларын «Өңдеу шеберлігі» номинациясы бойынша Әсел Бисенгалиева 3-дәрежелі лауреат атанды.

Жұлдыз Әлпенова

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале