25.11.2019, 16:42
Оқылды: 147

Сырымдық өнерпаздар халықаралық байқаудан жүлделі оралды

Сырым аудандық «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының» оқушылары Ақтөбе қаласында өткен би және ән байқауында оқ бойы оза шауып, жүлделі орындарға ие болды.

syrym baiqau (1)

 Гүлшат Нұрмұханова жетекшілік ететін үлгілі «Айналайын» би тобы IV Халықаралық балалар, жасөспірімдер мен жастарға арналған «Kings of dance» би чемпионатында 7-10 жас арасында «Күміс сыңғыры» ұлттық биімен бас жүлдені қанжығаға байлады.

syrym baiqau (4)

Эстрадалық биде «Теңіз қарақшылары» биімен І орынды иеленді. Айдана Кусегенова жетекшілік ететін вокал үйірмесінің оқушысы Айым Ерғазы «Волшебный микрофон» ән байқауында 11-14 жас арасынан «Соло» аталымында І орын алды.

syrym baiqau (6)

Жеңімпаз жеткіншектерді сайысқа дайындаған жетекшілердің және қолдау білдірген ата-аналардың еңбегі зор.

Айжан Бауыржанқызы
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале