Кеше Сырым аудандық ауруханасына тағы да екі аппарат пен пульсоксиметр табысталды.

Нұрдәулет Хайырсапиев, Исатай Темірбаев, Асан Тұрсынбаев секілді Сырымның атпал азаматтары мен аудандық мешіт жамағаты атынан Ілияс Рахымқұлов, Нұралы Үдреев, Нұрсапа Жұмаев 1 млн. 100 мың теңге көлемінде қаржы шығарып, 2 оттегі аппаратын, 1 қорап (540 дана) парацетамол, 2 пульсоксиметр құрылғысын Мәскеуден арнайы тапсырыспен алдырған.

- Елім деп тұрған есіл ерлер барда, халық жәрдемсіз қалмайды. Аудан жұрты аурудан құлан-таза айығып кетуіне тілекшіміз, - деді аудандық мешіт жамағатының атынан Бақытжан Құралбайұлы.
Аудандық аурухана директоры Роза Тахамбетова жерлестерінің жағдайына алаңдаған азаматтарға алғысын білдірді.
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz