8.01.2020, 11:11
Оқылды: 122

Сырымдық жастар облыста көш бастады

Сырым ауданының орталығындағы «SJ» коворкингінде аудан әкімі Төлеген Төреғалиевтің төрағалық етуімен аудан әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестің отырысы өтті.

syrym jastar (3)

Негізгі баяндамашы болған Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Нұртілеу Болат Елбасы Н.Назарбаев жариялаған «Жастар жылы» бағдарламасының Сырым ауданында орындалуы туралы баяндады.

Нұртілеу Болаттың айтуынша, жастар аудан халқының 23 пайызын құрайды. Олардың дені, яғни 2 409 жас жұмыспен қамтылған. Аудан жастарын әлеуметтік тұрғыда қолдау – жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың негізгі міндеті. Жұмыспен қамту орталығымен бірге жүзеге асқан «Жастарға – кеңес» көшпелі кеңес жобасы, «Soft Skills» мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру семинар-тренингтері, бос жұмыс орындары жәрмеңкелері, «Жастар тәжірибесі», «Жас маман» бағдарламалары, «Жасыл ел», «Болашағың өз қолыңда!» жобалары осы бағыттағы жұмыстарға жатады. Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы былтыр ауылдардағы жастардың үйіне аяқтай барып, кәсіпкерлікпен айналысу және кәсіптік білім алу жөнінде ауқымды мекенжайлық қызметтер көрсетті. Нәтиже жоқ емес. Мамандығы бойынша жұмысқа орналасқандарды айтпағанда, «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне 88 жас оқып, 43 жас қайтарымсыз грант ұтып алып, шаруашылық бастады. 15 жас несие алып, кәсіпкерлер қатарын толықтырды. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2020-2021 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес 48 жас оқу курсынан өтіп, оның 29-ы оқуға орналасқан. «Жас кәсіпкер» жобасы аясында 28 жас әртүрлі кәсіппен айналысу үшін несие алды. «Zhas Project» бойынша аудан жастары ұсынған 9 жоба мақұлданып, әр жоба 1 миллион теңге қайтарымсыз грантқа ие болды. «Жастар жылындағы» жаңалықтың бірі - Сырым ауданында «SJ» коворкингі ашылды. Оған аудандық қазынадан 4 миллион теңге қаржы бөлінді. Қоғамдық – мәдени, саяси шаралардан бөлек, сырымдық жастар өткен жылы осындай оң бастамаларға себеп болған. Бұл еңбек Батыс Қазақстан облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы жанындағы желтоқсан айында өткен XVIII алқа отырысында жоғары бағаланып, Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы 2019 жылдың қорытынды рейтингі бойынша жоғары деңгей көрсетіп, облыс аудандарының алдына шықты.

syrym jastar (2)

Жастар кеңесінде Алғабас, Шолақаңқаты, Бұлан ауылдық округтеріндегі жастар саясатының жүзеге асу жайы да қаралды. Кеңес жұмысын қорытындылаған аудан әкімі Төлеген Төреғалиев, «Жастар жылы» аясында белсенділік танытқан бірқатар аудан жасына алғыс хат тапсырып, жас әріптестеріне «Еріктілер жылында да» ерекше белсенділік танытады деп сенім білдірді.

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале