16.04.2021, 15:24
Оқылды: 124

Сырымдықтар «Менің аулам – менің бағым!» жобасына атсалыспақ

Жерді игеру ауланы игеруден басталады. Батыс Қазақстан облысында жарияланған «Менің аулам – менің бағым!» жобасы осыған үндейді.

 apple-970352_960_720

Бұл жобаға сырымдықтар да белсенді атсалыспақ. Сырым аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің маманы Азамат Айтимовтың айтуынша, жеміс ағаштарын сатып алуға аудан бойынша 18 адам өтініш білдіріп, төлемдерін жасап қойған. 18 аула 18 түп өрік ағашына, 28 түп алма көшетіне, 8 түп таңқурай мен 13 түп алмұрт көшетіне және 1-2 дана қарақат, шие, алқоры түптеріне тапсырыс берген.

«Менің аулам – менің бағым!» жобасы аты айтып тұрғандай, халықты ауласын баққа айналдыруға шақырады. Егер, көшет көктеп, ағаш жеміс берсе, ол аулаға сән ғана емес, иесіне пайда да береді. Егер, жобаға қатысамын, дуал ішін баққа айналдырамын десеңіз, 8 711 34 31 2 97 телефонына қоңырау шалып, Сырым аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандарына сапалы ағаш түптеріне тапсырыс беріп қойыңыз. Олар сізге жеткізіп береді.

 

«Сырым елі»,

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале