24.07.2020, 12:56
Оқылды: 99

Сырымға облыс әкімінің бірінші орынбасары келді

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев Сырым ауданына жұмыс сапарымен келді. Өңір басшысының бірінші орынбасарына аудан әкімі Төлеген Төреғалиев ауданда мемлекеттік бағдарламалар аясында атқарылып жатқан бірқатар жұмыстарды көрсетті. Мұхтар Манкеев алдымен Шолақаңқаты ауылдық округінің шаруа қожалықтарының мал азығын дайындау мен егін ору жұмыстарын қарады.  

6750B607-265D-4412-984B-3548F967FF55

Қайрат Меңдіғалиевтің «Правда» шаруа қожалығы арпа, бидай, мақсары, күздік бидай, еркекшөп дәнін салып, жақсы өнім алуды жоспарлап отыр. АлтТимур Жолжановтың  «Абай» ШҚ арпа, судан, мақсары, бидай, екпешөптен мал азығын дайындауды көздеп отыр.

Мұхтар Наурызбайұлы шаруашылық иелерінің туындап отырған мәселелерін тыңдады. Шаруа қожалықтарын мемлекеттік бағдарламаға қатысу, мемлекеттің қолдауын тиімді пайдалануға шақырды. Дайындалған мал азығымен тек өзіміздің ауданды ғана емес, көршілес аудандарды  да қамту жөнінде айтты.

Сырым аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Арман Тоқтаров ауданның шаруашылық құрылымдарының картасымен таныстырды.

1A787AF1-3476-4B0E-A7D9-00BE1AA84B95

Одан  кейін аудандағы іссапар аудан орталығы Жымпиты ауылында «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясындағы Қазақстан, Ж.Досмұхамедов,  А.Жұмағалиев, А.Байжанов,  К.Меңдалиев көшелерінің орташа жөндеу жұмыстарымен танысты. Жол жөндеу жұмыстары туралы аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мейрам Қайырғалиев түсіндірді.

BB163D45-3853-483B-83CE-A92C228F571E

Аудандағы атқарылып жатқан бірқатар жұмыстардың қатарында орталық алаңның абаттандырылуы бар. Өрнектас төселіп жатқан алаңды облыс әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев қарап  өтті. Мұхтар Наурызбайұлы әрбір «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасымен жасалған жұмыстарда аудан халқы еңбекпен қамтылып, құрылыс аяқталғаннан кейін міндетті түрде тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалу жөнінде тапсырма берді.

494676ED-7BCD-419F-8333-4090992EEAC6

Аудан әкімі Төлеген Төреғалиев ауданда облыс әкімінің орынбасарына Абай орта мектебі, балалар мен жасөспірімдер щығармашылық орталығы күрделі жөндеуден өтіп жатқанын айтты.

Шынар Молданиязова

Сырым ауданы

   zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале