Елбасының "Туған жер" бағдарламасы аясында Сырым ауданы Қособа орта мектебінің 1990-шы жылғы түлектері, яғни 1973-ші жылғы ауылымыздың ұл-қыздары мектеп бітіргендеріне 30 жыл толуларына орай керемет сый жасап, ауылдағы түрлі мәдени-көпшілік шараларды өткізуге арналған жазғы сыртқы сахнаны салып берді.

"73-тер" сахнаның шығынын көтерді әрі құрылысын жүргізуге де түгел өздері атсалысты. Былтыр жаңа мәдениет үйі үшін қуансақ, биыл жазғы сахна көңілге шабыт сыйлады. Өнерге жағдай осылай жасалуы керек.

Бұл сахна әлі-ақ ән мен жырға бөлеп, Қособаның күніне ажар, кешіне көрік беретін болады.
Марат Халиолла,
Қособа ауылдық мәдениет үйінің директоры