11.01.2021, 10:44
Оқылды: 66

Табиғатқа немқұрайлы қарамауға шақырды

Ел Президентінің «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы арайлы Тәуелсіздігімізге 30 жыл толуымен ұштасқан. Қасым-Жомарт Кемелұлы өз мақаласында қоғамды мазалап жүрген өзекті мәселелерді талқылап, егемендігіміздің тірегі болған басты бағыттарға тоқталып өтті.

 Асхат

«Бағдар мен белес», «Таным мен тағылым», «Қоғам мен құндылық», «Ұлағат пен ұстаным» атты төрт бөлімнен тұратын мақалада шежіресі ежелгі түркіден бастау алған қазақ халқының өткені мен болашағы, тарихы мен мәдени мұрасы, азаматтық қоғамымыз бен саяси реформалар жалғасы сөз болған. Шекара мәселесі төңірегінде туындаған сұрақтарға нақты жауап беріледі.

Ел Президенті өз мақаласында экология мәселесіне көңіл бөлгені де қуантады. Өзім эколог болғаннан кейін көлімді мақаланың «Асқар тауларымыз бен айдын көлдерімізді, ұлан-ғайыр даламызды ластап жатқан да өз азаматтарымыз. Көкжайлауға от жағып, қоқыс шашып кеткен де, Көбейтұздың батпағын шелектеп тасып, көлдің ортасында көлікпен ойқастаған да солар. Бір тұтам мүйізі үшін көзін мөлдіретіп киіктерді қырған да өзгелер емес», - деген тұсы көзіме оттай басылды. Осы арқылы Қасым-Жомарт Кемелұлы ел болашағын ғана емес, табиғат байлығымызды да ойлайтыны көрінеді.

Еліміз тәуелсіздік алған жылдан бастап бүгінгі күнге дейінгі оңды өзгерістер мен биік белестер сіз бен біздің ортақ жеңісіміз. Маңдай термен келген тәтті жеңіс. Бейбітшілік, келісім мен тұрақтылық жағдайында еліміздің әлемдегі алдыңғы қатарлы елдерімен терезесі теңдейе түскені де мақалада айтылады. Сондай-ақ Президентінің мақаласын оқи отырып, жастарға артылып отырған үлкен сенімді байқай аламыз.

 

Асхат Бекешев,

Бәйтерек аудандық жас туристер станциясы

экология бөлімінің меңгерушісі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале