16.11.2021, 10:42
Оқылды: 33

Табиғатты аялайық, әлеумет!

Жер бетінде төрт қуат көзі бар. Олар – күн, жер, ауа мен су. Адамзат күнделікті тіршілігінде осы төрт құдіретке сүйенеді. Егер осы төрт негіздің біреуі болмаса, тіршілік тоқтайды. Республикамыздағы экологиялық басты мәселелер – өндіріс орындары, үй айналасындағы тұрмыстық қалдықтар, көлдер мен кіші өзендердің ластануы–бәрімізді қатты аландатады. Мұның түпкі себебі қоғамымыздағы экологиялық сауатсыздық пен экологиялық тәрбие деңгейінің төмендігі болып отыр. Экологиялық теңдіктің бұзылуына өндірістік қалдықтар мен қоқыстар, техникалардың мүлдем көбеюі себеп болуда. Жер құнарлылығына мұнай өнімдерінің қалдықтары, ауыл шаруашылығы өсімдіктерін зиянкестерге қарсы нитрат, пестицид және гербицидпен улау зардабын тигізуде.

6

Сырым ауданындағы Өлеңті мен Шідерті өзендерінің бойындағы қоқыс­тың көбеюі, бұлақ көздерінің бітелуі, өзен суының тартылуы, ластануы алаңдатады. Туған өлкенің ластануына көктем және күз мезгілдерінде үй жануарлары өлекселерінің көмілмеуі де себеп деген ойдамын. Сырым колледжінің «Ұшқын» туризм-өлкетану үйірмесінің жетекшісі Тельман Исатаевпен бірге Өлеңті өзенінің бойына экскурсиялық экспедицияға қатыстық. Экспедиция мүшелері жарқабақты өлшеу кезінде өзен суы деңгейінің төмен түскенін, судың ластанғаны мен  жағалауда қоқыстар үйіліп қалғанын көрді.

5

Қазіргі таңда балалар туризмін дамыту және сабақтан тыс қосымша білім беру мақсатында жастарға табиғат көздерін мейлінше тиімді пайдалануды, өзен су қорларын және қоршаған ортаны бүлінуден қорғауды, эко­логиялық тапшылықты болдырмауға атсалысуды үйрету керек. Мысалы, өзен маңындағы үйді мекендейтін қоқысты тазалауды қолға алғаны жөн. Ауданымыздағы  тиісті мекемелер тал-терек егуді ойластырғаны абзал. Өлеңті өзенінің бастауы Кенащы жерінде бітеліп қалған бұлақ көздерін ашу өзен суының молаюына септігін тигізетіні сөзсіз. Әрбір адам туған өлке табиғатын қорғауы тиіс.

Елдос  Досқалиев,

Сырым ауданы

Сырым колледжінің І-курс студенті

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале